|
03.11.2023 | 17:48
3598

Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды

Саммиттің декларациясы қабылданды

Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды Сурет: Аkorda.kz

Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті аясында қол қойылған құжаттар төмендегідей:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы X саммитінің декларациясы;

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда халықаралық энергетика форумын өткізуді ұсынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир