|
23.08.2018 | 11:28
2142

Сағынтаев Түркістанға көшпей отырған шенеуніктерді сынады

Сағынтаев Түркістанға көшпей отырған шенеуніктерді сынады

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Жиналыста ол мемлекеттік қызметкерлерге бір айдың ішінде жаңа облыс орталығына қоныс аударуды бұйырды.

Премьер-министр жұмыс сапары кезінде Түркістанда алдағы уақытта бой көтеретін жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың сызбасын көріп, жұмыстардың жоспарымен танысты.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұған дейін бөлінген қаржы толық игерілген. Түркістанды түлетуге тағы да қазынадан қаражат бөлінбек, деп хабарлайды Sputniknews.kz порталы TVK сайтына сілтеме жасап.  

Министрлік өкілдерінің баяндамаларын тыңдаған премьер-министр облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлі күнге орталыққа қоныс аудармағанын естігенде аушына мінді.

«Министр ақша жоқ деп қарап отырса, ешқашан көшпейді. Елбасы бір айдан кейін келеді, осы жерде отыратын болсын. Өзіңіз бастап алып келесіз», – деп тапсырды Бақытжан Сағынтаев.

Отырыста Бақытжан Сағынтаев қаланың бас жоспарын бекітіп, құрылысқа кірісуді тапсырды.

19 маусымда Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қала атанған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгертілді, ал өңір орталығы Түркістанға көшірілді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир