13.11.2013

Қала тазалығы ақсап тұр

Қала жұртшылығының басым бөлігі шаһар тазалығына немқұрайлы қарайды. Өткен аптада жүргізілген тексеріс нәтижесінде, қүл-қоқыс тастаған тұрғындарға 3 миллион теңге көлемінде айыппұл жүктелген. Дегенмен, өтемақы айыптыны жауапкершіліктен босатпайды. Өйткені, тәртіп сақшылары заңды өрескел бұзған 10 адамды темір торға тоғытқан. Тақырып "Қоғам ойы" айдарында жіті талқалынатын болады.

Өздеріңіз көргендей 10 адамның біреуі ғана шаһар тазалығына алаңдайды. Яғни, тазалық ісінде салғырттық танытатындар көп деген сөз. Мәселен, бір жұмада 127 адамға қоқыс тастағаны үшін айыппұл салынса, оның 10-ны темір торға тоғытылды. Дегенмен, «Заңды белшесінен басып, қаланың көркейуіне кесірін тигізгендермен күрес әлі де жалғасады»,- дейді мамандар.

Төрехан ИСИН, Алматы қ. ІІД әкімшілік полиция бастығының орынбасары:

- Әрбір ауданның уческелік инспекторлары әрі қарай тазалық жұмыстарын бақылап жүреді. Бір аптаның ішінде қоқыс тастаған 127 адамға айыппұл салынды. Оның 10-ны қамауға алынды. Мұндай шаралар жиі өтіп тұрады. Өйткені, қала тұрғындары бір-біріне қоқыс тастауға болмайтынын хабарлап жүреді. Яғни, заңға бағынбаса, әкімшілік жауапқа тартылатындарын сезінулері керек.

Бір аптаның қорытындысы бойынша, қаланы ластап, қоқыс тастаған жандарға жалпы 3 миллион теңге айыппұл салынды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, 16 мен -25 жас аралығындағы азаматтар көшеге күл-қоқыстаудан ешкімге дес бермейді екен. Енді ережені елемей, тәртіпке бағынбағандар қатаң түрде әкімшілік жауапқа тартылатын болды. Сондай-ақ, қалдықтарды шығаратын ұйымдарға қаражатын аяп, қоқыстан құтылудың түрлі тәсілдерін іске асыратындар да жазаланады.

Алмасбек СӘТТІБАЕВ, Алматы қаласы мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің бастығы:

- Учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, мына әкімшілік шаралар қолданылады. 387 бапппен жеке тұлғаларға 20 дан 40 айлық көрсеткішке дейін, ал заңды тұлғаларға 40 тан- 100 айлық көрсеткішке дейін айыппұлдар салынады.

Алып шаһардан күн сайын тонналап қоқыс шығарылады. Мәселен, айына кем дегенде 2 мың тоннаға жуық күл-қоқыстан тазарсақ, жылына 700 мыңнан астам тонна қалдық шығады екен.

Әйкерім Ердәулетқызы, Рәшит Шүкірәлиев, "Алматы" телеарнасы

Прямой эфир