11.11.2013

Алматы мен Шымкент қаласын жалғайтын темір жол бағыты жаңа вагондармен толықты

Алматы мен Шымкент қаласын жалғайтын темір жол бағыты жаңа вагондармен толықты. Естеріңізге сала кетейік «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ресейдің Крюков қаласынан заманауи стандартарға сай су жаңа вагондарға тапсырыс берген болатын.

Қарашаның басынан бастап бұл бағыт іске қосылды. Енді бұдан былай екі шаһардың тұрғындары «Алматы-Шымкент» поездымен межеленген жеріне жылдам жетеді. Сондай-ақ, жолаушыларға кешенді түрде қызмет көрсетіледі. Ерекше атап өтер тұсы бұл вагонда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтеріп, түсіретін арнайы құрылғы жұмыс істейді. Бұл жаңа жүрдек вагондардың орташа жылдамдық көрсеткіші сағатына 160 шақырым екен.

Прямой эфир