22.07.2016

Алматыдағы 3 мың орындық мұз айдынының құрылысы аяқталуға жақын.

Спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Алматыдағы 3 мың орындық мұз айдынының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары жүруде. Мұз айдыны қазан айында толықтай пайдалануға берілмек. Бүгін нысанның құрылыс жұмыстарын қала әкімі Бауыржан Байбек тексерді. Мұз айдынның мүмкіндігімен танысып, баға берді. Еске сала кетейік, 2017 жылы болатын Қысқы Универсиадаға арналып салынған 12 мың орындық Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдынының құрылысы өткен аптада аяқталды.

Прямой эфир