29.08.2014

Алматылық шебер Алтын адамның көшірмесін жасап шығарды

Шаһарымызда тағы бір Алтын Адам пайда болды. Алматылық азамат сақ ханзадасының алтын сауытынның көшірмесін өз жасап шығарған. Бұған шебер екі айлық уақытын сарп еттіпті.

"Алтын адамның" көшірмесі бүгін Арбатта халық назарына ұсынылды. Оның биіктігі 2 метр 40 сантиметрді құрайды. Сыртқы пішіні нағыз Алтын Адамнан айырмашылығы жоқ. Өзгешелік, пайдаланылған заттарда ғана. Шебердің айтуынша, бұл мүсінді жасауға мата, темір және пластик қолданылған. Оған қоса, дене өлшемі түпнұсқамен бірдей маникен табу біраз қиын болыпты.

«Бұл Алтын Адамның тура көшірмесі. Яғни, шынайы Алтын Адамнан еш айырмашылығы жоқ. Өзгешелігі, көшірмеде ешқандай алтын пайдаланылмады. Маған Алтын Адам үлкен күш берді. Ол, 18 жастағы билеуші. Оған қоса, сол замандағы қолөнердің жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан, мен осы көшірмені жасадым», - деді шебер Қайрат АРНДТ.

Шебер жігітке қолдау көрсеткен Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы көрінеді. Олар орталық мұражайдан Қайратқа түпнұсқаның қандай бөліктерден, безендірілген ою-өрнектері мен өлшемді алуы үшін рұқсат алып берген. «Нәтижесінде, үмітіміз толықтай ақталды»,- дейді басқарма басшылары.

«Бұл көрме ретінде еліміздің конституция күнінде қала қонақтарына арналып жасалған. Яғни, көрме біткеннен кейін Есік қаласында фауна деген жер бар. Сол жерге апарылады. Яғни, Алтын Адамның табылған орынына апарылып қойлады», - деді Алматы қ. жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Нұржан СЕМБЕКОВ.

Алтын Адамның көшірмесі арбатта кешке дейін тұрады. Одан кейінгі қызметі, еліміздің конституция күніне орай ұйымдастырылатын шарада тұрғындар мен қала қонақтарының назарына ұсынылады. Мерекеден кейін, түпнұсқаның табылған жері Есік қаласына жіберіліп, Алтын Адам табылған Фаунада орын тебеді.

Аршын Кемелжан, Ерлан Сағымбеков, "Алматы" телеарнасы

Прямой эфир