22.06.2016

Алматылықтар панфиловшыларды еске алды

Режиссер Бақыт Қайырбековтің «316 стрелковая» тарихи киносында көрермен бірегей мұрағаттық деректер мен бейнежазбаларға, солдаттардың ерліктеріне куә бола алады.

Панфиловшылар болмаған деген дақпыртқа жауабымыз бар. Барлық дәлелдер Алматыда Армия ғимаратының мұражайында мұқият сақталуда. 316 Панфиловшылар дивизиясының солдаты жазған хаттар, марапаттауларымен бірегей суреттері түпнұсқада сақталған. Осылайша туындының режиссеры Бақыт Қайырбеков өзінің деректі киносын көрсетіп, халыққа солдаттардың ерлігі жайлы еске салуды және олардың осы өмірде болғанын жеткізуді жөн көрді.

"Қақтығыс кезінде Панфиловшылар дивизиясы шегінбей, тойтарыс берді. 28 панфиловшылардың бұл ерлігін елемеуге болмайды. Сондықтан менің ойымша, журналист Кривицкий айтқан дақпырты бос сөз",- деді режиссер  Бақыт ҚАЙЫРБЕКОВ.

Кинодағы батырлардың ерлігі тарихи деректердің түпнұсқасымен расталды, сондықтан шығарманың деректі екені анық. Киноның үзінділерінен біз фронттағы батырлардың хаттарын және Василий Клочковтың өлер алдында айтқан танымал сөзі «Шегінерге жол жоқ артымызда Мәскеу» деген ұрандарын көруге болады. Содан кейін ол гранаталардың байламдарымен неміс танкінің астына ұмтылады. Ерлікпен қаза тапқаннан кейін ол  "Ленин" орденімен және екі мәрте "Қызыл ту" орденімен марапатталды.Зерттеумен айналысатын ғалымдар Волоколамский музейінің қызметкерлері, жазушы Константин Симонов пен Валентин Осипов осы туындыға қатысты жеке пікірлерін білдірді.

Фильмнің авторлары құжаттар мен деректерді Мәскеу, Волоколамск пен Алматыдан жинаған. Сонымен қатар, «316-шы мергендер» фильмі Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына орай 2005 жылы түсіріліп, ІІІ Халықаралық телекинофестивалінде «Бірге жеңіске жеттік» сынды өзге де номинациясы бойынша гран-при алған.

Лаура Алданазарқызы, Жадыра Алтынбекқызы, Валерий Таубалдиев, "Алматы" телеарнасы

Прямой эфир