20.06.2016

Қарасулықтар қара суға жарымай отыр

Арнамыздың WhatsApp нөміріне үздіксіз хабарламалар түсуде. Егер сіздер де оқыс оқиғаның куәгерлері болсаңыздар немесе өздеріңізге де біздің көмегіміз қажет болса, 8 (747) 750 2502 байланыс нөміріне хабарласыңыздар. Біздің редакциямызға Алатау ауданындағы "Қарасу" ықшам ауданының тұрғыны көмек сұрап хабарласқан болатын. Өздері тұратын екі қабатты тұрғын үйде 2 жыл бойы ауыз судың жоқтығы мазаларын кетірген.

"Біз мына бөтелкелерді түнімен суға толтырып шығамыз. себебі ертеңгі күнімізге су қажет. Бала-шағамыз бар, оларды жуындырып, астарын бергенге су керек".

Осы уйдің тұрғыны Елена Борудкинаның айтуынша, мұндай жағдай екінші жыл қайталанып отыр. Түн ортасынан бастап таңғы 6-ға дейін барынша су жинайды. Себебі су осы уақыт аралығында көбірек келеді.

"Мен кір жуу дегенді айтпай-ақ қояйын, кір машинасына су жетпейді. Әрі қарай қалай өмір сүреміз. Біздің ауыз суымызға жауап беретін мекемеге жүгінсек, олар тұрғын үйлердің көптігін айтады. Ал, жаңа тұрғын үйлер салса, жаңа су жинақтайтын мұнаралар салсын. Жақында мұнда улкен монша салды, ол моншада хауыз бар. Ол хауызға үлкен мөлшерде су құйылады. Ал, бізде тіпті ауыз су жоқ",- деді "Қарасу "шағын аудананының тұрғыны Галина СКАЧКОВА.

Тұрғындардың жартысы судың аз мөлшерде ағуының себебін жаңа көршілері мен жеке бизнес өкілдерінен көрсе, ал кейбіреуі су қызметіне жауапты "Қарасу" серіктестігін кінәлап отыр.
"Біз барлығымыз "Қарасу " мекемесіне талай рет арыз жазған болатынбыз. Бірақ олар бізге нанымды жауап қайтарған емес",- деді "Қарасу " шағын ауданының тұрғыны Елена БОРУДКИНА.

"Біреулер судың қысымы жоқ, су ақпайды" деп зар илесе, енді бірінікіне қысымның қатты келетіні сонша су құбырын жарып жіберген. Енді компания өзінің кінәлі емес екендерін дәлелдеу үшін арнайы тексеріс жасатпақ. кінәсіздіктерін дәлелдеу үшін бұл үйге тексеріс жүргізетіндерін айтты. Бірақ бұл бір ғана шешім емес...

"Біз тек орталық су құбыры жүйесіне жауап береміз. Біздің орталық су құбырының жұмысы жақсы. Қысым бар. Басқа үйлерде су бар, бірақ Заводская 78-де ғана жоқ. Кеше осы үйдің тұрғындарының арызы мен судың қысымын көтерген болатынбыз. Алайда өзге тұрғындар маған арыз жазып, құбырларының жарылып жатқандарын айтып, қысымды төмендетуімізді сұрады",- деді компания басшысы Ғалия ҚАЛИЕВА.

Тұрғындар бар кінәні артып отырған компания мамандары мұны жоққа шығарып отыр. Ауыз судың дұрыс ақпауы сол үйлердегі ескі құбырдан дейді. Ал, тозығы жеткен құбырды жаңарту кімнің мойнында екенін ешкім біле алмай жүр. Ал, түсірілім жасап жүргенімізде тозығы жеткен құбыр көзімізше жарылып кетті.

-Енді бұған кім жауап береді? Әкімшілік пе? Әлде сіздер ме?
-Бұл құбырды " Қарасу"ЖШС жөндейді. тағы жарылса, тағы жөндейміз. Бұл күнделікті жұмыс барысы.

Белгілі болғандай, "Қарасу" ықшам ауданында бір ғана су жинағыш мұнара жұмыс істейді. Мұның үстіне компания директорының айтуынша, ауыз судың ақысын тұрғындардың 40 пайызы ғана төлейді.
Ермек Серікұлы, Влад Шишко, Мұрат Тайжан, "Алматы" телеарнасы
Прямой эфир