15.06.2016

Бизнес өкілдерін бейберекет тексергендердің өздері жазаға тартылмақ

Заңсыз тексеріске жол жоқ. Бизнес өкілдерін бейберекет тексерген прокурорлардың өздері жазаға тартылмақ. Еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов осылай деп ескертті. Себебі кәсіпкерлер құзырлы орындар тарапынан әлі де қысым көріп жатқандарын айтады.

Эпидемиологтар, еңбек инспекциясы, жер қатынастары басқармасының мамандары. Олар кәсіркелерге жиі келетін қонақтар. Дегенмен көш басын салықшылар бастап тұр екен. Прокурорлардың сөзінше, соңғы уақытта бұл жауаптыларға көп шағым түседі. Оған дәлел ретінде өткен жылғы тоқтатылған 31 тексерісті айтсақ болады.

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильді топтар қызмет атқаруда. Аталған мобильді топтың қызметкерлерінің байланыстары prokuror.gov.kz сайтында орналасқан. Сондай-ақ аталған мақсатта кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша қала прокуратурасымен бизнесмен мобилдік қосымша қызмет атқаруда. Аталған бизнесмен мобилдік қосымша бойынша кәсіпкерлер өздеріне керекті құқығын қорғау бойынша ақпаратты ала алады», - деді Алматы қаласы Прокуратура басқармасының прокуроры Ерлан САПАЕВ.

2015 жылдан бері Алматылық кәсіпкерлер прокуратураға 12 мың шағым түсірген. Оның ішіндегі 3 мыңға жуық жоспарланған тексерісті құзырлы мекеме тоқтатылыпты. Осылайша кәсіптің 35 миллиард теңгесі сақталды.

«Кәсіпкерлер көбінесе мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан қысым көретіндерін айтады. Сондай-ақ келетін ескертпелердің көпшілігі дерлік заңсыз. Ал олардың қаншалықты заңды екенін біз прокуратура арқылы білеміз», - деді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Мұндай тексерістерді прокурорлардың өздері де жасайтын көрінеді. Бас прокурор Жақып Асанов заңсыз тексеру жасағандардың қатаң жазаланатынын ескертті. Тіпті, шенеуніктерді де жазалау туралы ұсыныс та айтылып жүр. Сол себепті, енді тексеріп келместен бұрын жауапты тарап бас прокуратураның, қаржы және экономика министрлігінің бақылауына алынатын болады. Барлық шағымдарды қарайтын арнайы комиссия да құрылмақ.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир