22.07.2016

Бостандық ауданында орналасқан 2 бірдей тұрғын үй кешеніне жылу беруді тоқтатты.

Берешегі барлар ыстық сусыз қалды. Бүгін "Алматы жылу желілері" серіктестігінің бір топ қызметкері Бостандық ауданында орналасқан 2 бірдей тұрғын үй кешеніне жылу беруді тоқтатты. Бірінде, пәтер иелері кооперативі салғырттық танытса, екінші үйді мердігер компания қолданысқа бермей жатып, қарызға белшеден батқан. Қос үйдің берешек көлемі 60 миллион теңгеге жуықтайды. Тексерушілер қарыздарын өтемей жүргендерді енді сотқа бермек

Прямой эфир