14.11.2013

Кітаптағы қате

"Ұлы Отан соғысы қай күні басталды?" Бұл сауал бүгінде мектеп оқушыларын әбігерге салды. "Атамұра" баспасы 29-шы маусым десе, "Мектеп" баспасының оқулықтарында ұлы шайқас бұдан 3 күн бұрын басталған екен. Қос баспа жіберіп отырған қателік қоғам наразылығын тудырып отыр.

Cынға белшесінен батқан оқулықтар Ұлы отан соғысының басталған күнін түрліше жазып, оқушыларды жаңылыстырып жатыр. Кітаптағы қателікті алғаш көрген Марианна Гурина, «өткенді шатастырсақ, болашаққа бастау жоқ»,- деп отыр.

Марианна ГУРИНА, "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының төрайымы:

- Бізге бітруші түлек келіп, қай кітап бойынша ұлттық біріңғай тест тапсыруыма болады деп сұрады. "Атамұра" баспасынан жарық көрген кітапта Ұлы отан соғысы 29-шы маусым деп көрсетілсе, Мектеп баспасынан шыққан кітапта 26-шы мауысым деп көрсетілген. Ал шын мәнінде 22-ші мауысым күні деп жазылу керек еді.

Ал ұстаздар қауымы «мұндай келеңсіз жағдайды көре тұра үнсіз жылы жауып қою дұрыс емес»,- деп отыр. Қолдарынан келгенше, қатені түзеп, оқушыларға ақиқатын айтады екен. Мәселен, «Атамұра» баспасынан шыққан мына оқулықтың ішіндегі қате ережені елемеу мүмкін емес.

Ғалия ӘМІРТАЕВА, № 68 мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Кейбір оқулықтарда қателіктер көп болады. Сол қателерді біз біле тұра басқа кітаптардан іздеп, оларға көрсетіп дәлелдеп, содан кейін соларға үйретеміз. 5 класстың оқулығында красный краснеть деген сөз болған. Сөйлем құрастыр деген. ондай сөйлем жоқ вообще. Қытайда оқып келген қыз орыс тілінің кітабын сол жазған.

Ұлттық біріңғай тестілеу сынағынан өткендер қисынсыз сұрақтардың көптеп кездескендігін алға тартады. Оған қоса, оқулықтағы өріп жүрген қателіктерден де көз ашпадық деп отыр.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан тарихы, Орыс тілі мен математика оқулықтары қатеден ең көп сүрінетіндер қатарында екен. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының: "оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін",- деп қадап айтқан сөзі бар болатын. Дегенмен, «қатеден көз ашпайтын оқулықтарды түземейінше, ұлттық біріңғай тестілеуінің көрсеткіші де оңбайды»,- деп отыр мамандар.

Әйкерім Ердәулетқызы, Жәнібек Бимағамбетов, «Алматы» телеарнасы.

Прямой эфир