31.10.2013

Хайуанаттар бағындағы жануарлар қазақ тілін үйренуде

Алматы қаласының хайуанаттар бағындағы жануарлары қазақ тілін үйренуде! Өзге елден келген хайуандарға зообақтың қызметкерлері қазақ тілінде сөйлеп қазақ тілінде бұйрық береді екен.Тақырыпты хайуандарды көріп қайтқан тілшіміз Ануар Карбозов тізгіндейді.

«1,5 жасар «Мартин» атты тапир Қазақ тіліндегі бұйрықтарды түсініп, оларды мұқият орындайды»,- дейді хайуанаттар бағынының қызметкері Ермұхамбет Нұрғазиев. Алматының алмасы Оңтүстік астанамызға 5 ай бұрын келген экзотикалық жануардың көңілінен шықса керек. Осыған байланысты ас мәзірінде алманың болуы басты талап.

Ермұхамбет НҰРҒАЗИЕВ, Хайуанаттар бағының қызметкерi:

- Тамақ жағынан келгенде бұл жануар көкөніс өсімдіктер жейді. Бірақ көбінесе сүйсініп жейтіні бұл – алма.

Ресейден Мартин атты тапир мен қоса екі тауарыстан келген. Бірі «Томас» енді біреуі «Шиба». Мәскеулік циркте өнер көрсеткен екі жабайы мысық, көршілес жатқан Ресейден «алмасу» жүйесі бойынша әкелінген бұл жерге. Қолға үйренген бұл мысықтар алматы ауа райына бейімделіп те кеткен.

Балтабек МАҚАТОВ, жыртқыш аңдар бөлiмiнiң меңгерушiсi:

- Қазір бізде өмір сүріп жатқан пумалардың бірі Томас бірі Шиба. Циркте өнер көрсеткеннен кейін екеуі де қолға үйренген.

Хайуандардың бірі Ресейдің Калининград қаласынан келсе, келесі бір жұп мәскеуден келген. Оларға қаламыздағы хайуанаттар бағындағы тау қыраны, «балобан» сұңқары, бірнеше жылан түрлері өздерінің торларын босатып берген. Мұндай зообақтар арасындағы алмасулар бірінші және соңғы рет емес. Алдағы уақытта қала тұрғындары басқа да жануарлар түрлерін көруге мүмкіндік алады.

Ануар Карбозов, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир