30.10.2013

Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы аталып өтілді

Биыл халқымыздың шоқтығы биік композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы аталып өтілуде. Қазақтың ән қоржынына «Біржан - Сара», «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» операларымен және 100 ден астам симфониямен толықтырған болатын. Компазитордың еске алу кеше шаһарымыздың «Абай атындағы опера және балет» театрында аталып өтті. Мұқан Төлебаевтың әні мен операларын тыңдап қайтқан тілшіміз Самат Нұрланбекұлының бейнематериалына назар аударыңыздар.

Қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың ең алғашқы тырнақалды туындысы «Кестелі орамал» әні әлі күнге дейін кәсіби сазгерлерді таң қалдырып келеді. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ-шы ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының біріне айналды.

Дариға Төлебаева, композитордың жары:

- Мұқанның журегінен түлеп ұшқан әндері болсын, опералары болсын барлығына мен куә болдым. Оның ән жазудағы ерекшелігін сөзбен жеткізу қиын. Ол кешке қаланың көшелерімен журіп, серуендеуді ұнататын. Сол кезде мен қасында келе жатамын. Біз қаламыздың әдемі көшелерімен қыдырып келіп, үйге оралған соң ол бірден фортепианоға музыка жазу үшін отырады.

Мұқан Төлебаевтың анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай абыз ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен өз ортасында танымал болған екен. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған көрінеді. Ал, кішкентайынан композитордың қолында өскен Жамаш Төлебайқызы Мұқаңды әкесіндей көреді.

Жамаш Төлебаева:

- Есімде қалғаны ауылға келгенде депутат болып келді. Ол кезде мен 10 жаста болатынбыз. Барлық балалармен бірге менде қарсы алдым.

Мұқан Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығарманы жарыққа шығарған. Оның ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша құрметке ие. Ал, жуырда ғана елордада шымылдығын түрген Астана опера театры Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсымен ашылды.

Самат Нұрланбекұлы, Аль-Фараби Гусенцов, Алматы телеарнасы.

Прямой эфир