30.10.2013

Жер үйдің тұрғындары кәріз құбырының қызметі үшін ай сайын ақша төлемек

Бұдан былай жер үйдің тұрғындары кәріз құбырының қызметі үшін ай сайын ақша төлемек. Алайда, коммуналдық түбіртекке жаңадан қосылған бағаға орталық кәріз құбырына қосылмаған үйлердің тұрғындары қарсы. Тақырыпты тілші тарқатады.

«Тоспа су» тұрғындардан қандай қызмет үшін ақша төлеулерін талап етіп отыр деп аттандаған адамның бірі Александра апай. Себебі, зейнеткердің үйі орталық кәріз жүйесіне қатысы жоқ. Лас су жиналатын арнайы шұңқыр қаздырған. Толған кезде ақысын төлеп арнайы көлікпен тазартады.

Александра АБРАМОВА, зейнеткер:

- Олар маған қалдық су үшін ешқандай қызмет көрсетіп отырған жоқ. Бірақ «сөйте тұра ақша төле»,- дейді. Маған кәріз жүйесі үшін 4500 теңге қарызсың деп түбіртек жіберіпті. Сонда мен ауламдағы нәжіс суды сорғызу үшін жеке ассенизаторларға бір, оларға екі ақша төлеуім керек пе. Егер қалдықты тазартатын көлікпен қамтамасыз етсе бір жөн. Оларда ондай мүмкіндік те жоқ.

Жалпы жеке тұрғын үйлердің біршама бөлігі бүгінгі таңда орталық кәріз құбырына қосылмаған. Осы себептерге байланысты әр бір үйде ағынды суларды жинайтын шұңқыр қазылған. Тұрғындар оны тазарту мақсатында арнайы ассенизатор көлігін шақыруға мәжбүр болады. Ақысын да өздері төлейді. Көрсеткен қызметтің бір реткі құны үшін ассенизатор көлігінің жүргізушілері 5 мыңнан 8 мың теңге аралығында ақы алады.

Оразбек САРМАНОВ, Оссенизатор жүргiзушiсi:

- Алты-жеті рейс жасаймыз енді. Септигімен договор етеміз. Растояниясы қалай? Бір шлангі болса төрт мың теңге, екі-үш шлангі болса ары қарай қосыла береді.

«Тоспа су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның өкілдері қазан айынан бастап жалпыға бірдей лас су үшін түбіртек жіберіле бастағанын айтады. Түбіртектегі есептеулер белгіленген заңнамаларға сәйкес жүргізілген. Мұны өткен сот отырысы да растап берді. Бір айда қанша ауыз су қолданылатын болса, кәріз су көлемі де осыған тең қабылданады. Кәріз құбырын өздері қазған жеке үй тұрғындары да аталған жауапкершіліктен босатылмайды.

Серік ШӘГIРОВ, «Тоспа су» МКК баспасөз жетекшiсi:

- Қаладағы шығатын кәріс сулар орталық кәріс құбырлар арқылы арнайы тазартқыш ғимаратарға жеткізіледі. Содан кейін толық механикалық және биологиялық тазартқыштан өтеді.

«Тоспа су» кәсіпорны мамандарының айтуынша, «оссенизатор иелерінен алынатын 800 теңге дизинфекция мен осындағы адамдардың қызметі үшін алынады». Бірақ тұрғындардың ағынды сулары үшін төлем жасайды. Осы айда қала бойынша он мың жеке меншік үйлерге түбіртек жіберілсе, қарашадан бастап кәріз суы үшін бұл сан тағы екі есеге дейін артпақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Тоқмолда Құсайынов, «Алматы» телеарнасы

Прямой эфир