Карантин талаптары сақталмаса, "қызыл аймаққа" кіріп кету қаупі бар – Б. Сағынтаев.

Almaty.tv
Almaty.tv
Қалада мониторингтік топтар бизнес нысандарды бақылауды жалғастыра бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалада мониторингтік топтар бизнес нысандарды бақылауды жалғастыра бермек. Мұны кәсіпкерлер дұрыс түсінуі керек және санитария талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Бұл туралы дәл қазір ғана қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat Live бағдарламасында мәлімдеді. Соңғы демалыс күндері мониторингтік топтар 184 нысанға тексеру жүргізіп, оның 36-сынан түрлі өрескел олқылықтар табылған. Әйтсе де қала басшысы жағдай әзірге қалыпты, бірақ қатаң сақтық шараларын ұстану маңызды деп баса айтты.  

«Жағдай дұрыс дегеннің өзінде де біз сақтық жұмыстарын ары қарай жүргізуіміз керек. Әрине, осы сары зонаға өткен кезде біздің санитарлық бас дәрігер өзінің шешімін шығарып жатады. Егер ондай қатаң тәртіпке шақырып, шектеу жұмыстары жүрмейтін болса, онда біздің "қызыл аймаққа" кіріп кету қаупі бар», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Новости партнеров