Үндістанда тұтқындалған Алматы тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 35 жастағы азаматша өткен жылы транзиттік визамен шетелге аттанған. Бірақ уақытылы құжат мерзімін ұзартпаған. Демек, ГОА штатында бір жылдан астам заңсыз өмір сүріп келген. Осыған орай, оны аталмыш елдің қауіпсіздік органдары жауапқа тартпақ. Айта кетейік, шетелдік басылымдардың бірінде заңсыз Индия аумағында тұрып келген Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы ақпар шыққан болатын.
«ГОА штатының полициясы Қазақстан азаматшасын 22 қарашада Үндістанда заңсыз болуына байланысты айыппен ұсталғанын растады. Қазір оған көп мөлшерде айыппұл төйлетуімен депортацияланады. Немесе 5 жыл түрмеде қамалуы мүмкін. Қазақстандық дипломаттар отандасымызға қажетті консулдық жәрдем көрсетуде. Оның құқықтарын қорғау үшін кәсіби адвокат табылды», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.