Әлемдік деңгейдегі ең озық дизайнерлер Қазақстанға келді

Әлемдік деңгейдегі ең озық дизайнерлер Қазақстанға келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдік деңгейдегі ең озық дизайнерлер Қазақстанға келді. Танымал сәнгерлердің  басын бір арнаға тоғыстырған Астана қаласы осымен 6-шы рет сән апталығының есігін айқара ашпақ. Алыс-жақын шетелдерден келген қонақтармен бірге еліміздің отандық дизайнерлері де биылғы жылдың жаңа киім үлгілерін халық назарына ұсынбақ. Орта Азия бойынша ерекше аталып өтетін  шара барысын Елордадағы тілшіміз Назым Мәлікқызы  дәл қазір тікелей байланыс арқылы  ішкі жай -  күйді жеткізуге дайын. Назым сен байланыстасың.

Бұл шара жыл сайын аталып өтеді? Биыл немен ерекшеленбек және әлемдік деңгейдегі қандай дизайнерлердің жұмысын көре аламыз?

Иә, бұл шынында да дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ауқымды шараның бірі. Міне Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтіп жаьтыр. Жиналған қауымның қарасы көп. Бастысы жиі көре бермейтін  дизайнерлерді кездестіуре  болады.  Өзге елдегідей терең тарихы болмаса да, елімізде  сән әлемінің 17 жылдық тарихы бар. Ұлттық негізге бағытталған жобаның  биылғы ерекшелігіне тоқталар болсақ, бастысы - еркіндік. Демек, киім адамға жайлы және ыңғайлы болуы керек. Осыған орай, кеш қонағынан осыған қатысты пікірін білдік. 

«Апталық киім үлгісі Астанада осымен 6-шы рет ұйымдастырылуда .Бастысы бұл шара енді ғана халық алдына шыққан жас таланттардың туындыларын таныстырып, өзін көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Яғни, әлемдік деңгейдегі Франция, Италия, Грузия елінен келген дизайнерлермен бірге еліміздің Айда Кауменова,  Динара Абдуллина, Ая Бапани, Әсем Ысқақ пен Айгүл Смағұлова сынды жас сәнгерлер өз үлгілерін көрермен назарына паш етпек.Көрсетілім  басталмай солардың бірімен сұхбаттасқан едім»,- деді Қала тұрғыны, Жанар ҚҰСАЙЫНОВА. 

«Сахнаға 13е жуық сәнгер киім үлгілерін ұсынады. Оны тамашалайтын көрермен, өзіндік  бағасын беріп қана қоймай, бөлек залда орналасқан шоурумдардан көңіліне қонымды киімдерді сатып ала алады. Сонымен қатар, шара аясында « Мода бизнестің бір бағыты» деген тақырып аясында арнайы тәжірибелік сағаттарды ұйымдастыру көзделіп отыр. Ақпар бойынша, бірнеше күнге созылатын апталық  сән үлгісіне 3000-ға  жуық адам қатысады деп күтілуде»,- деді Дизайнер, Ая БАПАНИ. 

Бүгіннен бастау алған шара Астанада сәуірдің 13-де тәмамдалады. Бірақ мұнымен тоқтамайды. Яғни, кезек Алматыға ауыспақ. Сәнгерлер керуенімен сәуірдің 19-20-21 күні  Оңтүстік Астанаға ат басын тірейді. Сая мендегі бар ақпар осы, сөз кезегі өзіңде.

Новости партнеров