Алматыда әділет органдары ұсынатын 10 мемқызмет автоматтандырылуы мүмкін

Алматыда  әділет органдары ұсынатын 10 мемқызмет автоматтандырылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматының әділет департаменті өткен жылы 253 мың қызмет көрсеткен. Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала мамандары осылай деді.  Айтуларынша, әділет министрлігі халыққа ең көп мемлекеттік қызмет көрсететін орынға жатады. Былтырдың өзінде қазақстандықтар 15 миллион 500 мың мемлекеттік қызмет алыпты. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық. Сандық форматқа ауысу бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада аумақтық Әділет органдары ұсынатын 10 мемлекеттік қызмет автоматтандырылуы мүмкін.

«Өткен жылы Әділет органдары 15 миллионнан аса мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 90 пайызы электронды түрде жүзеге асқан. Қалғаны да алдағы уақытта ауыстырылады деп жоспарлануда. Сандық форматқа өтудің барысында бұрынғы әкімшілік кедергілер азайып, қызмет көрсету шараларының қолжетімділігі мен ашықтығы ықшамдала түсті. Сыбайлас жемқорлық деректері де біршама азайды», - деді Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Гүлнар КОКОБАЕВА.



Новости партнеров