|
22.02.2018 | 16:24
16054

«Қазақстан 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Серік Есматов

«Қазақстан 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Серік Есматов

Серік Есматов – волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны, Малайзияда өткен жасөспірімдер паралимпиадасының жеңімпазы.
Ол 1998 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.  Бала кезінен жузу мен велосипед спортын жанына жақын тартқан.  
Тіпті Қазақстанның жасөспірімдер біріншілігінде велосипед жеңіп алды.
Дегенмен 2011 жылдың 30 тамызында Серік Есматовтың өмірі күрт өзгерді.
Жаттығудан шаршап келе жатқан бала абайсызда пойыз астына түсіп, қос аяғынан айырылды.
Бірақ, екі аяғының жоқтығы Есматовтың сағын сындырмады. Араға бір жыл салып спортқа қайта оралды.
Ол алға қарай ұмтылып,  жузу мен велосипед спортын отырып ойнайтын волейболға алмастырды.
2013 жылы Малайзияда өткен волейболдан паралимпиадалық турнирде қола медаль жеңіп алды.
Содан бастап паралимпиаданың командалық спорт түрлеріне назар аудара бастады.

Бапкерім Сергей Анатольевич маған басынан жүруді үйретті. Аяғы жоқ адамдардың білуі тиіс көп нәрселерді ұғындырды. Бүгінде ол менің – басты мотиваторым. Осы жасқа келіп, мойымаған жаттықтырушымды көріп, жап-жас боп менің еңсем түскені дұрыс емес екенін ұғындым.   

                                                                                                 Серік Есматов


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир