Ақтөбелік әйел ішімдікке салынған 26 жастағы қызын емдете алмай жылап жүр

Ақтөбелік әйел ішімдікке салынған 26 жастағы қызын емдете алмай жылап жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбелік әйел ішімдікке салынып кеткен 26 жастағы қызын емдете алмай жүр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбедегі мамандандырылған арнайы емдеу орталығында ішімдікке тәуелді тоғыз әйел адам жатыр. Олардың ішінде 24-25 жастағы тұрмыс құрмаған қыздар бар.

«Жастардың, оның ішінде қыздардың ішімдікке салынғаны қиын. Бізде 1993, 1992 жылғы екі қыз жатыр. Екеуі де Хромтау ауданынан, олардың үстінен аналары арыз жазған. 26 жастағы қыздың анасы келген сайын жылайды. «Не істеймін? Қалай адам қыламын? Бұл қызды түзетудің жолы бар ма?» деп жылап жүреді», - дейді орталық дәрігері.

26 жастағы қыз емдеу орталығына екі рет түскен.

«Бұл қыз бірінші рет келгенінде алты айға түскен болатын. Екіншісінде бір жылға емдеуге жатқызылды. Екеуінде де анасы алып келді. Қыз бала тұрмыс құрмаған, жұмыста жоқ. Ішімдікке қатты салынып кеткен. Ішімдікке салынғаны үшін оқып жатқан жерінен шығып кеткен. Анасының айтуынша, қызы нашар ортамен байланысып, 18 жасынан арақ ішуді бастаған. Бойжеткен толыққанды, тұрмысы жақсы отбасынан шыққан. Екі әпкесі бар екен. Бұл үйінің ең кішісі», - дейді емдеу орталығының дәрігері.


Новости партнеров