|
04.10.2018 | 10:26
1561

«Қайрат» косоволық «Феникс» командасын ірі есеппен жеңді

«Қайрат» косоволық «Феникс» командасын ірі есеппен жеңді

Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі аясында алматылық «Қайрат» Косово елінде жергілікті «Феникс» командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларустік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түсті.

Барлық ойындар Косовода өтіп жатыр.

Пауло Рикардо Кака шәкірттері бірінші матчын алаң иелері «Феникс» командасына қарсы өткізді. Бұл жұптың айқын фавориті алматылықтар болатын. Әрі ойын нәтижесі де соны дәлелдеді.

Матч бастала сала шабуылға шыққан «Қайрат» ойыншылары бірінші таймда-ақ есепті 2:5-ге жеткізді. Ойынның екінші бөлігінде де алматылықтар тізгін тартқан жоқ. Командадағы барлық ойыншы алаңға шығып өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Бұл ойын ертең өтетін «Спортингке» қарсы кездесу алдында ойыншылар үшін жақсы сынақ болды.  

Чемпиондар Лигасы. Футзал.

03.10.2018. 01:30. «Феникс» (Косово) – АФК «Қайрат» 3:7 (2:5)

«Қайрат» сапынан гол соққандар: Песс Перейра (4 минут), Тайнан ( 10, 15, 23, 39 минут), Джон Леннон (12 минут), Дос Сантос (14 минут).

«Қайрат»: Дуду (Қ), Песс Перейра, Фелинто Силва, Фаверо, Нұрғожин.

Қосалқы құрам: Жаманқұлов, Гомес Дос Сантос, Тайнан, Тұрсағұлов, Тайеби, Оразов, Есенаманов.

Бас бапкер: Кака

«Қайрат» командасының Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі ойын кестесі:

03.10.2018. 01:30. «Феникс» (Косово) – АФК «Қайрат» - 3:7

04.10.2018. 23:00. АФК «Қайрат» – «Спортинг» (Португалия)

06.10.2018. 23:00. «Лида» (Беларусь) – АФК «Қайрат»


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир