Алматы облысында ірі жол апаты болып, 21 адам зардап шекті (ВИДЕО)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы - Бішкек тас жолының 23-ші шақырымында ірі жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 21 адам Қаскелеңдегі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды sn.kz.
«Барлығы 21 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың бірі қазір жансақтау бөлімінде, алтауы ауруханаға жатқызылды. Ал қалғандары бақылауымызда», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Полицейлер болса микроавтобус пен автобустың соқтығысқанын айтып отыр. Жараланғандардың барлығы дерлік осы Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусының жолаушылары екен. Қазір бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51