|
29.12.2018 | 10:54
1612

Қостанай облысында ер адам мен әйелдің арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Қостанай облысында ер адам мен әйелдің арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Қостанай облысында ер адам мен әйелдің арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Қостанай облысында ер адам мен әйелдің арасындағы жанжал өліммен аяқталды. Бұл оқиға Алтынсарин ауданындағы Большая Чураков ауылында болған, деп жазады Alau.kz басылымына сілтеме жасап sn.kz.

Полиция жеке үйлердің бірінен қинап өлтірілген белгілері бар әйелдің мәйітін тапты. Оның басы жарылған. 

«Шұғыл іздестіру кезінде марқұммен бірге тұрған ер адам ұсталды. Оқиға болған күні әйел алкогольдік ішімдік ішкен. Арада туған жанжал кезінде күдікті әйелді итеріп жібереді. Сол уақытта ол жерге құлап, басынан жарақат алған», — дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир