|
25.12.2018 | 16:27
1886

Биыл Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан 350-ге жуық адам ұсталған

Биыл Алматыда көлік айнасын ұрлаумен айналысқан 350-ге жуық адам ұсталған

Денис Теннің өлімінен кейін полицейлер ұрылармен күресті күшейткендей. Алматыда биыл көлік айнасын ұрлаумен айналысқан 350-ге жуық адам ұсталыпты. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өзгенің мүлкін ұрлау дерегі 2,9 пайызға азайған. Жалпы, жыл басынан бері ұрлық жасаған 6 213 адам мен 104 қылмыстық топ ұсталды. Олардың 24-і пәтер тонаушы топ, 28-і автокөлік бөлшектерін ұрлағандар және қалған 46 топ басқа да ұрлық түрімен айналысқандар. Қылмысқа барғандардың көбі еліміздің өзге өңірлерінен келгендер екен.

«Ұсталған азаматтардың арасында шетел азаматтары да бар. Көрші Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің азаматтары бар. Негізі, Алматы қаласы қылмыскерлер үшін өте тиімді қалалардың бірі. Өйткені, қаржы институттарының көбісі осы қалада шоғырланған. Яғни, қомақты мөлшерде ақша айналымы бар жерде ұрлық деректері көптеп кездесіп жатады», – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир