|
27.11.2018 | 11:30
2761

Ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылады

Ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылады

2018 жылдың 30 қарашасынан бастап айырбас орындарында алтын құймаларды сатуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Бұл құқық қаржы реттеушісінің шешімімен айырбас пункттеріне беріледі.

Ұлттық банк халыққа шығаратын алтынның шағын құймаларын сату тәртібін бекітті. Айта кету керек, Ұлттық банк тазартылған алтын құймаларын сату бағдарламасын 2017 жылы, бірінші кезеңде екінші деңгейлі банктер, екіншіде - уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырды.

«Банктік емес айырбастау пункттерінің кеңеюі тазартылған алтынды сату географиясына жағымды әсерін тигізеді және шалғай өңірлерде Ұлттық банктің алтын құймаларын сатып алуға мүмкіндік береді. Шағын құймалар және олардың қорғаныш элементтері туралы ақпарат пен буклеттер Ұлттық банктің интернет-ресурсында бар», - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир