Қазақстанда 1 қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылады

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылады.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлағандай, бұл норма жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейтуге қатысты заңнамада қарастырылды. Қазіргі уақытта сырттай оқып жатқан студенттер оқуын жалғастыра береді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Білім министрлігінде атап өткендей, қолданыстағы нормаға сәйкес, сырттай оқитындар күндізгі бөлімде оқитын студенттермен салыстырғанда оқу бағдарламасының 65 пайызын ғана меңгереді екен. Бірақ екеуі де жоғары оқу орнын бітірген соң бірдей диплом алады.

Дегенмен, министрліктегілер күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар бар екенін ескеріп отыр. Болашақта осындай санаттағы азаматтар үшін қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып, жаңа жүйе енгізу жоспарланған. Мұндай студенттер күндізгі бөлімде білім алып жатқан жастармен қатар оқу бағдарламасын толыққанды меңгеретін болады.

Қазақстанда сырттай оқуға 2010 жылы шектеу қойылған болатын. Тек жоғары білімі бар немесе колледж түлектері ғана сырттай оқып жүр. Бұдан бөлек, сырттай оқуға мүмкіндік бар мамандықтар тізімі де айтарлықтай қысқартылды. Солардың қатарында мәселен, медицина, ветеринария, құрылыс және басқа да бағыттар бар.


Новости партнеров