Республикалық жедел құтқару жасағы (РЖҚЖ) Алматы облысындағы таулардан екі әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылғы 16 желтоқсан күні сағат 11-де кезекші-диспетчерлік бөлімшеге Просвещенец шатқалының аумағында 1982 жылғы жас әйел аяғын қайырып алған. Оған көмек қажет деген ақпарат келіп түсті. Жеті адам және бір кинологиялық есептен тұратын жедел-құтқарушылар тобы оқиға орнына шығып, зардап шегушіні тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Сол күні сағат 14.08-де 1972 жылғы азаматша Кімасар шатқалы бағытымен қозғалу кезінде аяғын сындырып алған, оның өз бетінше төмен түсе алмайтыны туралы шақыру қабылданды.
Құтқарушыларға зардап шегушіні тауып, оған жетіп, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таңғыш қалақ салу үшін жарты сағаттан астам уақыт кетті. Олар екі әйелді таудан түсіріп МАО қызметкерлеріне тапсырылды.
РЖҚЖ құтқарушылары қыс мезгілі кезіндегі таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Таңдаған бағытты жоспарлау кезінде ықтимал қауіп-қатерді мұқият бағалап, алдын ала ауа райы шарттарын білген абзал. Сондай-ақ тек жолсерікпен немесе туристік топпен бірлесіп қана тауға шыққан жөн.