Қазақстанда киіктердің саны қанша?

Қазақстанда киіктердің саны қанша?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы киіктер санын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылы киіктердің саны 215 100-ді құрады. Жыл сайын олардың саны 41 пайызға өсіп келеді», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Министрліктен хабарланып отырғандай, киіктердің бес негізгі популяциясы бар: олардың үшеуі Қазақстанда, біреуі Ресейде (Қалмақия), біреуі Моңғолияда тіршілік етеді.

Қазақстандағы популяциялар - Бетпақдала, Орал жəне Үстірт киіктері. Елімізде киіктердің таралу аумағы он облыс территориясын қамтиды. Жануарлардың тіршілік ету ауқымы көршілес Өзбекстан мен Ресей Федерациясының жерлеріне де созылған.

Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылы киіктердің жаппай қырылуының себебін атады.

«2015 жылдың 11 мамыры мен 5 маусымы аралығында Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында Бетпақдала киігінің жаппай қырылуы тіркелген болатын. Істің мән-жайын анықтауға Білім және ғылым министрлігінің ғылыми ұйымдары мен мамандандырылған зертханаларының (Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты, Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институты, Зоология институты), Энергетика министрлігінің (облыстық экология департаменттері) өкілдері және Корольдік ветеринарлық колледждің (Англия), Франкфурт зоология қоғамы (Германия), БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО), Халықаралық Эпизоотикалық бюросы және Россельхознадзор (Ресей) жануарлар денсаулығын қорғау федералды орталығының шетелдік сарапшылары жұмылған еді. ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қорытындысына сәйкес, Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында киіктің қырылуына пастереллез себеп болған», - делінген хабарламада.


Новости партнеров