2019 жылы қаңтардан бастап барлық дәрінің бағасы реттеледі

2019 жылы қаңтардан бастап барлық дәрінің бағасы реттеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық дәрілік заттар бағаларын реттеу көзделген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» ҚР Заң жобасы әзірленді.

Дәрілік заттар бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаны реттеудің 4 деңгейін көздейді: өндіруші, көтерме сауда, бөлшек сауда, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу деңгейлері.

Өндірушінің бағасын тіркеу референттік елдердің тұтынушылық орамының бағасы негізінде жүргізіледі, сондай-ақ үстеме бағаның регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік препараттарды көтерме және бөлшектеп сату маржасы реттелетін болады.

«Қазіргі таңда аталған Заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында, жақын арада ол екінші оқылымға кіргізіледі және ҚР Парламент Сенатына жолданады. Ағымдағы жылдың соңына дейін заңға қол қою жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Одан басқа, Министрлікпен 2017 жылдың басынан ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін фармацевтикалық қызметтер мен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесін орталықтандыруды есепке алумен Бірыңғай дистрибьютор тізімі толықтай қайта қаралды.

«Атап айтқанда, амбулаториялық тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар тізбесі экономикалық жағынан тиімді препараттарды қосу жолымен қайта қаралып, кеңейтілді. Мысалы, С вирустық гепатитін емдеу үшін қымбат тұратын және тиімділігі төмен (60%) пегилирленген интерферондармен терапия тиімділігі жоғары (98%) емдеу схемасымен (софосбувир+даклатосвир) алмастырылды, ол емделген науқастар санының 500-ден 40 000 адамға жоғарылауына мүмкіндік берді», – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, дәрілік заттарды шет елдік өндірушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 175 аталымдағы медициналық препараттар бағасы орташа 23%-ға төмендеді, ал отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар аясында бағаны төмендету жөніндегі қабылданған міндеттілікке сәйкес 134 аталымдағы дәрілік заттар бағасы 5%-ға төмендеді.

Қазіргі таңда дәрілік нарық дәріхана арқылы дәрілік заттарды коммерциялық сату және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып бөлінетінін атап өткен жөн. Бүгінгі күні нарықтағы коммерциялық сатуға баға түзу реттелмейді.


Новости партнеров