|
19.12.2018 | 14:37
3216

Алматыда пара алды деген күдікке ілінген үш полицейдің соты өтіп жатыр

Алматыда пара алды деген күдікке ілінген үш полицейдің соты өтіп жатыр

Алматыда пара алды деген күдікке ілінген үш полицейдің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.  Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің командирі Мұрат Байғазинов және ПД ЖПҚ ЖПП полк командирлері Жәнібек Мұханғалиев пен Думан Базарбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Пара алу») және 361-бабы 4-бөлігі («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша айып тағылған.  2018 жылы 17 сәуірде Алматы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы және Алматы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесе отырып, Байғазиновты ұстады.

ҚР ІІМ мәліметінше, ол қылмыс үстінде ұсталған. Байғазиновқа автокөліктің еш кедергісіз қозғалуы үшін 200 доллар алды деген айып тағылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

взятка
Новости партнеров
Прямой эфир