Instagram авторлары компаниядан кететінін хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Instagram әлеуметтік желісін ойлап тапқан Кевин Систр мен Майк Кригер таяуда компаниядан кететіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Майк екеуміз Instagram-да өткізген сегіз жыл және Facebook командасымен өткізген алты жыл үшін алғыс айтамыз. Қазір өміріміздің басқа бір жаңа кезеңіне дайынбыз», - делінген Кевин Систрдің Instagram желісінегі жазбасында.
Оның айтуынша, сервис құрастырушылары тағы бір креатив дүние ойлап табу үшін демалуды жоспарлап отыр.
New York Times газетінің мәліметінше, Facebook пен Instagram сервистерінің өкілдері қазірше олардың бұл шешіміне қатысты пікір білдірмеген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10