|
15.11.2018 | 16:50
13784

Қазақстанда ЖИТС статусын анықтайтын жедел-тест еркін сатылымға шығады

Қазақстанда ЖИТС статусын анықтайтын жедел-тест еркін сатылымға шығады

Қазақстанда ЖИТС статусын анықтауға арналған жедел-тест еркін сатылымға шығады. Бұл сынақ құрылғысын келер көктемнен бастап еліміздегі дәріханалардан сатып алуға болады.

Адамның иммун тапшылығы вирусын анықтау сілекей арқылы жүзеге асады. Сарапшылардың айтуынша, нәтиженің нақтылығы – 99 пайыз. Осылайша, СПИД-пен күрес орталығы қазақстандықтардың біразын диагностикалауды жоспарлап отыр.  

«Мұны әр адам үйінде өзіне ыңғайлы уақытта жасай алады. Таяқшаның кеуекті бөлігін алып, ерін мен қызыл еттің бойымен аздап үйкейсіздер. Алдымен үстіңгі, содан соң астыңғы бөліктерге тигізу керек. Енді бұл тест таяқшасын мына жерге салып қоямыз да, 20 минут күтеміз», – деп түсіндіруде медбике келушілерге.  

Осы жылдың 10 айының өзінде ЖИТС инфекциясын жұқтырған 2,5 мың қазақстандық тіркелген. Жалпы, елімізде СПИД ауруына шалдыққан 22 мың адам бар. Оның көбі 25 жылдай ем қабылдап, қарттық жасқа дейін жетеді. Айта кетейін, әр науқастың еміне жыл сайын 200 бен 600 мың теңге аралығында қаржы жұмсалады.  

«Қазақстанда соңғы 10 жылда ВИЧ-инфекциясының таралуы айтарлықтай өзгерді. Алғашқы жылдары ЖИТС инфекциясы негізінен инъекциялық есірткі қабылдайтындар арасында жиі кездессе, қазіргі жағдай басқаша. Бүгінде СПИД-пен ауыратындардың 70 пайызы жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Бұл алаңдатарлық жағдай», – деді ҚР ДСМ Республикалық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас директоры Бауыржан БАЙСЕРКИН.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир