|
14.01.2019 | 15:13
11094

Бұл жолы полицей: 7 жасар бала зорланған Абай ауылында тағы бір жасөспірім зәбір көрген

Бұл жолы полицей: 7 жасар бала зорланған Абай ауылында тағы бір жасөспірім зәбір көрген

Бұл жолы полицей: 7 жасар бала зорланған Абай ауылында тағы бір жасөспірімнің зәбір көргені айтылды, деп хабарлайды sn.kz.

«Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында тағы да зорлық оқиғасы болған». Танымал заңгер әрі адвокат Айман Омарова осылай дейді. Ол зәбір көрдім деген балаға заңгерлік көмегін көрсетіп жатыр екен.

«2013 жылдың наурыз айында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында 16 жастағы жігітті таныс қызы кафеге шақырған. Олардың жанына аз уақыттан соң полицей келген. Ол коньяк пен тамаққа тапсырыс берген. Қыз бала оны жақсы танитынын айтып, жігітке ішімдік ішкізген. Менің клиентім соңында тыр жалаңаш далада жатқан жерінде есін жиған, не болғанын білмеген. Оянғанда полицей оны фото мен видеоға түсіргенін айтқан. Үйіне келгенде ол денесінің қатты ауырғанын, қан болғанын көрген», - дейді Омарова.

Адвокаттың айтуынша, полицей оны сол уақыттан бастап қорқытып, ұзақ уақыт бойы зорлап келіпті. Егер айтқанын істемесе, фотолары мен видеоларын әлеуметтік желіге жүктейтінін айтқан. Кейін досымен бірге зорлауды әдетке айналдырған. Сондай-ақ, полицейдің әйелі де жәбірленушіден ақша бопсалаған.

«Кейін Алматыға оқуға кеткен жігітті олар тауып алып, тағы қоқан-лоққы көрсеткен. Ол өзін сол кезде тіпті өлтірмек болған», - дейді адвокат.

Зорланған жігіттің ата-анасы істің мән-жайын біліп қойып, дереу полицияға арыз жазған. Бірақ заңгер құзырлы органның әлі күнге істі дұрыс жүргізбей отырғанын айтады. Тіпті жігіттен және полицей мен оның досынан интимдік жолмен жұғатын венерологиялық аурудың бар екені анықталған.

«Бізде жеткілікті дәлелдер бар. Осыларды тергеуші Мұхтар Нұрбаевқа апардық. Барлығын көргеннен кейін ол үнсіз қалды. Әлі хабар жоқ. Оның да істі әділ жүргізетініне күмәнданамын», - дейді ол.

Қазір ҚР ҚК-нің 121 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ қылмыстық істің қозғалғаны жайлы естігенімен, заңгерге нақты құжат берілмеген.

Еске сала кетейік, дәл осы Абай ауылында 2018 жылы 7 жасар баланың зорланғаны жайлы хабар тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Іс сотқа жетіп, 15 жастағы жеткіншек 7 жылға бас бостандығынан айрылған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир