Таяқ жеуден шаршаған қарағандылық келіншек күйеуін пышақтап тастады

Таяқ жеуден шаршаған қарағандылық келіншек күйеуін пышақтап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы Пришахтинск ауданының 45 жастағы тұрғыны өз күйеуін пышақтап тастады. Жұбайының ұрып-соғуынан шаршаған келіншек күйеуін суық қарумен екі рет ұрып, артынша жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды NUR.KZ .

Оқиға ұрыс барысында орын алған. Күйеуі тағы да қол көтерген келіншек ашу үстінде оған екі рет пышақ салған. Олардың бірі азаматтың беліне, ал екіншісі санына тиген екен. Жұбайына жарақат салған әйел артынша пәтерден жүгіріп шығып, көршісінен жедел жәрдем шақыруын сұрапты.

Ал жедел жәрдем қызметкерлері тез арада жәбірленушіні ауруханаға жеткізген. Ал оның әйелін полиция қызметкерлері алып кеткен. Келіншек үйде ұрыс болып, күйеуі оған қол көтергенін, артынша ол жұбайына пышақ жарақатын салғанын айтқан екен.

Абырой болғанда жарақаттар ішкі органдарға әсер етпеген. Соған қарамастан күдіктіге жәбірленушінің денсаулығына қасақана түрде зиян келтірді деген айып тағылып отыр.

Қылмыстық іс №3 Октябрь аудандық сотында қаралды. Ал күдікті өз кінәсін мойындап, үш жылға бас бостандығынан шектелді.


Новости партнеров