|
09.11.2018 | 15:31
1061

Ауа райының бұзылуына байланысты алматылық көлік жүргізушілеріне үндеу жасалды

 Ауа райының бұзылуына байланысты алматылық көлік жүргізушілеріне үндеу жасалды

Алматыда 11-13 қараша аралығында қар жаууына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

«Автокөлік иелерінен көліктерін әсіресе түнге қарай жол жиектеріне қалдырмауды, қар тазалағыш жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Қар тазалауға кедергі келтіретін автокөлік эвакуатормен басқа жерге ауыстырылады. Автокөлік иелерінің қоғамдық көлікті пайдаланғандары жөн, өйткені ауа райының қолайсыздығына қатысты апатты жағдайлар болуы мүмкін», - деп ескертті басқармадағылар.

Бұдан бөлек, басқарма өкілдері көлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайтып, қауіпсіздік сақтап, қысқы дөңгелектерді орнатуға кеңес берді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир