Әлемдік бестселлер саналатын кітаптар қазақшаға аударылды

Әлемдік бестселлер саналатын кітаптар қазақшаға аударылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кови мен Харари қазақша сөйледі. Бүгін әлемдік бестселлер саналатын екі кітаптың тұсауы Алматыда кесілді.

Олар қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылатын оқулықтарға қосымша кітаптар. Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» туындысы 40 тілде 30 миллион данамен таралған.  

«Біз жасап жатқан оқулықтарымыз университеттегі оқу бағдарламасына қатысы бар, оқуға кіріктірілген оқу құралдары. Ал мынау осы дәл қазір әлемдегі ең үлкен қалалардағы ең үлкен кітап дүкендерінде көп тиражбен сатылып, талқыланып жатқан бүгінгі күннің бестселлерлері. Біз тұңғыш рет осындай кітаптарды көп уақыт өткізбей аударып, Қазақстандағы оқырмандарға, оқу орындарына, тек студентерге ғана емес, жалпы жаңа білімге, қазіргі айтылып жатқан иедяларға қызығатындарға таратуға мүмкіндік алып отырмыз», – деді «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ.

Ал «Сапиенс. Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы 45 тілге аударылып, 7 миллионнан астам данамен жарық көрген. Ювал Ноаһ Харари адамзат баласының қалай қалыптасқаны туралы айтып, қоршаған ортаға деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді. Танымал кітаптарды аудару үшін жұмыс тобы 7 ай уақыт жұмсаған. Екеуі де 10 мың данамен шығарылған. Жақында республикадағы барлық 110 жоғары оқу орындарына жіберіледі. Жалпы жоба аясында 18 оқулық қазақ тіліне аударылса, тағы 30-ы келесі жылы күзде дайын болады.  


Новости партнеров