Алматы тұрғындарын емханаларға тіркеу 15 қарашаға дейін жалғасады

Алматы тұрғындарын емханаларға тіркеу 15 қарашаға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғындарын медицина ұйымдарына тіркеу науқаны басталды. Жыл сайынғы науқан 15 қыркүйектен бастап, 15 қарашаға дейін жалғасады. Азаматтар «Медициналық сақтандыру қорының» «Халықтық бақылау» мобильді қосымшасы арқылы клиникалармен танысып, өзіндік таңдау жасай алады.  

«Биылғы жылы тіркелу барысында 1 дәрігерге түсетін жүктеме 1700 адамнан аспауы тиіс. Бұрын бізде 1 дәрігерге 2 мың адамға дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілген болатын. Біздіңше, бұл жаңа учаскелердің ашылуына түрткі болуы тиіс және бұл мәселеде бизнес өкілдері, жеке бизнес өкілдері өздерінің белсенділігін танытады деп күтіп отырмыз», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Алматы тұрғындарына 77 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. Оның ішінде, 7 компания алғаш рет қатысып отыр. Тіпті, араларында жекеменшік клиникалар да бар. Олар тіркелгендер үшін тегін қызмет көрсетеді. Мамандар таңдау жасау барысында үйге жақын маңдағы емхананы таңдауға және отбасылық қызмет көрсету ұстанымдарына басымдық беруге шақырды. Ерікті медициналық сақтандыру полисі бар азаматтар Қазақстан аумағындағы емханалар желісіне тіркеліп, кез келген қызметке жүгіне алады.


Новости партнеров