|
08.11.2018 | 16:05
1286

Шенеуніктер сыннан қатты қорқады – қор басшысы

Шенеуніктер сыннан қатты қорқады –  қор басшысы

«Шенеуніктер сыннан қатты қорқады. Шенділер де, депутаттар да сөз бостандығы жөніндегі заңды бірінші кезекте өз мүддесіне қарай жазады». Астанада бүгін екінші күн өтіп жатқан БАҚ жөніндегі ХХ Орталық Азия медиа-конференциясында «Аdil soz» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева осылай деді.

Тамара Калеева БАҚ туралы заңдағы соңғы өзгерістер тым қатаңдатылғанын жеткізді. Айтуынша, журналистерді қылмыстық қудалау екі есеге артқан. Терроризм, экстремизм, діни, әлеуметтік, ұлттық мәселелердің барлығын жариялауға тыйым салынған. Десе де, күні кеше Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезирдің Қазақстанда сөз бостандығы жоқ деген пікірімен келісе қойматынын айтады.

«Біз елімізде сөз бостандығы жоқ деп айта алмаймыз. Бұл белгілі бір репрессиядан қорыққандықтан емес, әрине. Сөз бостандығы жоқ дегеніміздің өзі оның бар екенін дәлелдеп отыр ғой. Ол фактілік болмаса да, әлеуетті деп айтар едім. Десе де, тыйым салынған тақырыптар көп. Қорқыныш көп. БАҚ иесі мен журналистердің мақсаты көбінесе әрқилы болады», – деді «ADIL SOZ» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара КАЛЕЕВА.

Конференцияда журналистерді даярлаудың сын көтермейтіні айтылды. Олар көп жағдайда өзінің қоғамдық миссиясын түсінбей жатады. Сондай-ақ, баяндамашылар бүгінгі журналистикада сараптау, талдау аз дегенді алға тартты. Конференцияда қазақстандық шенділер сұхбат беруден қашып, сыннан қатты қорқатыны да тілге тиек етілді.  

«Біз 20 жыл бойы жаланы қылмыстандыру мәселесіне қарсы қыруар жұмыс атқарып келдік. Алайда, еш нәтиже шықпады. Барлық халықаралық ұйымдар, барлық қағидалар, барлық демократиялық қоғам, Қазақстанмен ратификацияланған азаматтық саясат құқықтары жөніндегі фактісі де біздің жақта. Десе де, бәрі нәтижесіз. Шенеуніктер сыннан өте қатты қорқады. Менің ойымша, барлық шенділер мен депутаттардың басым бөлігі сөз бостандығына қатысты заңдарды, бірінші кезекте өз мүдделерін ескеріп жазады. Бұл дегеніміз, сын азырақ, сынға деген мүмкіндік аз, ал журналистерді қорқытып, үркіту және жазалау анағұрлым көбірек», – деді Тамара КАЛЕЕВА.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир