Алматыда Жандосов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Жандосов көшесі бойындағы көпірді қайта жасау жұмыстарына орай көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматыда 2018 жылдың 10-30 қазаны аралығында Жандосов көшесінің батыс бағыт бойынша автокөлік қозғалысы шектеледі.
«Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін Жандосов көшесі бойындағы көпірді қайта жасау жұмыстарына орай 2018 жылдың 10 - 30 қазаны аралығында батыс бағыт бойынша автокөлік қозғалысы шектеледі. Жандосов көшесінің оңтүстік бетінде екі бағыт бойынша уақытша көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10