Алматылықтардың коммуналдық қызмет ақысын төлеуге мемлекет көмектеседі

Алматылықтардың коммуналдық қызмет ақысын төлеуге мемлекет көмектеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтардың коммуналдық қызмет ақысын төлеуге мемлекет жәрдемдеспек. Бірақ бәрі бірдей емес, тек белгілі бір шарттарға сай келетін жандар ғана осы қайырымдылықтың қызығын көре алады.  

Мұндай жәрдем 2500-ге жуық отбасыға берілмек. Осы мақсатта бюджеттен 55 миллионға таяу теңге бөлінген. Көмек коммуналдық шығын жанұя табысының он пайызынан асқан жағдайда ғана жасалады.  

«Мысалы, белгілі бір отбасының табысы 70 мың теңге болса, бірақ ол отбасының коммуналдық төлемдер шығыны 12 мың теңгені құрайтын болса, осы тұрғын үй көмегін ала алады. Яғни, аталған отбасыға 5 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалады», – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Рүстем ИСМАИЛОВ.

Аталған қолдауға ие болу үшін тұрмысы төмен отбасылар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлігінің көшірмесін, мекенжайы мен жұмыс орны жөніндегі анықтамаларды өткізуі тиіс. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді көрсетуі қажет. Осы уақытқа дейін 2200-ден аса отбасыға 40 миллион теңге шамасында тұрғын үй көмегі төленген.  

«Тұрғын үй көмегін алуда жылыту кезеңінде адамдардың көп жүгінетінін ескере кеткен жөн. Соған байланысты біздің басқарма мамандарымен, сонымен қатар, аудандық басқарма бөлімдері мамандарымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық басқарма бөлімдері Пәтер иелері кооперативтерін жинап, осы тұрғын үй көмегі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ары қарай Пәтер иелері кооперативтері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», – деді Рүстем ИСМАИЛОВ.


Новости партнеров