Халықтың қаржылық сауатын көтеретін жаңа құралдар пайда болмақ – АХҚО

Халықтың қаржылық сауатын көтеретін жаңа құралдар пайда болмақ – АХҚО
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықтың қаржылық сауатын көтеру керек. Инвестициялық жоспар құра алмағандықтан, халықтың көбі банкте тек несие алу мен депозит ашуды ғана біледі. «Астана» халықаралық қаржы орталығынан келген мамандар Алматыда өтіп жатқан инвестициялық форумда осылай деді.

Мұндай олқылықтарды жою үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығында жаңадан брокерлік компаниялар, биржа бөлімдері, ислам банктері ашылмақ. Бүгінге дейін қаржы орталығына 80-нен астам түрлі шетелдік компаниялар тіркеліп, бірге жұмыс жасауға ниетті екендерін білдірген. Сонымен қатар, елдегі көптеген жоғары оқу орындарының студенттері де «Астана» халықаралық қаржы орталығында іс-тәжірибеден өте алады. Бұл өз кезегінде елдегі инвестициялық сауаттылықты көтеруге көмектеспек.      

«Халықтың қаржылық сауаттылығы өте жоғары деп айта алмаймын. Өйткені, ол адамдарға байланысты, екіншіден, мемлекетте қаржы сауаттылығын арттыратын арнайы құралдар жоқ. Сондықтан көп адам ешнәрсе істей алмай жатады. Қарасаңыз, банкте депозит бар, кредит бар. Инвестиция жасау үшін адамға басқа қандай мүмкіншіліктер бар? Сондықтан біздің халықаралық қаржы орталығындағы жеке банкинг арқылы биржа ашып жатырмыз. Сол жерде жұртшылыққа қолайлы көптеген инстурмент пайда болмақ, біз соны қалай инвестициялауға болатынын түсіндіреміз», – деді «Астана» халықаралық қаржы ұйымының басқарушы директоры Ернұр РЫСМАҒАМБЕТОВ.  


Новости партнеров