«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар». Саналы ғұмырын Отан қорғау ісіне арнаған генерал-лейтенант Мәлік Сапаровты бір топ әріптестері мен туған-туыстары еске алды. Ол көзі тірі болғанда, биыл 60 жасқа толар еді.
Генерал мерейтойына орай әскери институтта салтанатты шеру өтті. Қазақстанның қарулы күштерін дамытуда аянбай еңбек еткен қайраткерге арнайы фото және кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Мәлік Сапаров әр жылдары еліміздің Қарулы күштерінің Бас штаб басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
«Өз жұмысын өте жақсы атқарған, жанын аямай үздіксіз қызмет еткен генерал-лейтенант Сапаров ҚР Қарулы күштерінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан. Мен де осы ұлы батырымыздың ізін қуып, осы әскери институтқа түсіп, еліміздің дамытуына зор үлес қоссам деймін», – дейді Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Асылхан ҰЗАҚБАЙ.