Келесі жылы банктер ипотека бойынша пайыздық үстемені түсіруі мүмкін

Келесі жылы банктер ипотека бойынша пайыздық үстемені түсіруі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл ипотекаға үй алғандардың қарқыны былтырғыға қарағанда 80 пайызға көп.

Қарыздың 70 пайызы мемлекеттік бағдарлама арқылы берілсе, қалған 30 пайызы екінші деңгейлі банктер арқылы берілген. Басым бөлігі «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізіпті.

Экономикалық сарапшылардың сөзінше, екінші деңгейлі қаржы институттарының ипотекалық несие беру шарттарының алдын мемлекеттік бағдарламалар орап әкетуде. Сондықтан келесі жылы банктер ипотекалық заем бойынша пайыздық үстемені түсіруі мүмкін.

«Ал қазіргі уақытта «7-20-25» арқылы берілетін жаңа тұрғын үй саны жеткіліксіз.  Биыл бой көтерген баспаналардың барлығы жыл соңына дейін өз иелерін тапты. Біз болжағандай 1-ші және 2-ші санаттағы үйлердің бағасы жыл басында 10 пайызға, 3-ші және 4-ші кластық үйлердің бағасы 15 пайызға түсті. Ал қайталама нарықта 3 және 4 кластық баспаналар 20 пайызға дейін арзандады. Бүгінде үшінші класқа жататын пәтердің 1 шаршы метрі – 320 мың, ал 4 санаттағы баспана 240 мың теңгеден есептелінеді. Дәл қазір нарықтық баға тұрақты», – деді Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек МҮСІРЕПОВ.

Баспана құрылысын жүргізетін отандық мердігер компаниялар биыл эконом-класқа жататын пәтерлерді көбірек салыпты. Бұған ранкиг порталы арнайы зерттеу де жүргізген. Осылайша орта есеппен, 8 мыңнан астам шаршы метр үйге 1 миллиард теңге жұмсалған. Ал былтыр 7 жарым мың шаршы метрді құрайтын баспана салынған екен.

Азаматтардың төлем қабілеттілігі де 10 пайызға өсіпті. Осы жылдың 10 айында 219 мың жеке тұрғын үй сатылған. Ал 2017 жылы 200 мың сату мен сатып алу келісімшарты жасалыпты. Үйлі болуға асығатын қарашаның да тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат салу қарқыны былтырмен салыстырғанда, биыл 23 пайызға көбейген. Нәтижесінде, құрылыс компаниялары баспана салуға кететін қаражаттың 39 пайызын өздері шығарған, ал 46 пайызын жұрттан жиналған ақшаға салған.


Новости партнеров