|
15.10.2018 | 19:27
1496

Жатақхана мәселесі: Астанада 7 оқу орны мен инвесторлар келісімшартқа отырды

Жатақхана мәселесі: Астанада 7 оқу орны мен инвесторлар келісімшартқа отырды

Қазақстанда 80 мың студент жатақханаға мұқтаж. Мәселені шешу үшін Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы Астанада 7 жоғарғы оқу орны және инвесторлармен келісімшартқа отырды.

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы» студенттерге жатақхана салу  тапсырмасын ведомство тез арада шешуге ниетті. Ол үшін мемлекеттен 153 миллиард теңге бөлінеді. Оның 15 миллиарды жатақхана соғамын деген жеке секторға беріледі.

Тағы бір айта кетер жайт, мемлекеттік тапсырмаға ілігемін деген құрылыс компаниялары алдымен өз қалтасынан ақша шығарып, жаңадан жатақхана салады немесе дайын тұрған нысанды ыңғайландырады. Барлық кеткен соманы отандық шенеуніктер 8 жылда қайтарады. Мұндай келісімнің артықшылығы – нысан тұрғызушы жатақханаға иелік етіп, бағасын өзі қояды.  

«Ол жатақханада барлық жағдай жасалса, меншік иесі оның бағасын өзі анықтайды. Бірақ өтініштерге сәйкес, 7 келісімшарттың нәтижесі бойынша жатақхананың бағасы орта есеппен алғанда, 10-15 мың теңге шамасында болады», – деді «Қаржы орталығы» АҚ департамент директоры Біржан ӘЛІМЖАНОВ.

Сегіз жылда қайтарылатын қаржының да мөлшері белгілі болды. Егер нысанды құрылыс компаниясы жаңадан салса, айына мердігер әрбір жатын орын алған студентке 313 мың теңге, ал бұрын тұрған ғимаратты жатақхана етіп ыңғайландырып тапсырса, айына бір адам үшін 120 мың теңге көлемінде қаржы алады.

Жалпы, келесі жылдың бірінші тоқсанына дейін елімізде төрт мың орын студенттерге беріледі. Бүгінде жеті университет жатақхана салатын орынды анықтап, жобалық-сметалық құжаттарын дайындап қойған.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир