|
26.10.2018 | 19:35
3467

Қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы жексенбі күні өтеді

Қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы жексенбі күні өтеді

Еліміз бойынша қалалық мәслихат депутаттарын сайлау осы жексенбіде өтеді. Оған 14 өңірдің тұрғындары қатысады. Олардың арасында алматылықтар да бар. Қазір депутаттықтан үміткерлер соңғы кездесулерін өткізіп жатыр.  

«Бүгін сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні. Осы уақытқа дейін біз округтерді аралап, тұрғындарды қандай мәселе мазалайтынын білдік. Оларды жүйелі шешу үшін арнайы жоспар да құрылды. Менің ойымша, сайлаудан кейін білек сыбана кірісеміз», – деді Алматы қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Михаил ГРАЧЁВ.

«Мен жүргізген барлық кездесулерде сайлаушылар маған дауыс беретіндерін жеткізді. Өйткені, менің көмегіммен қордаланған мәселелер шешілетініне сенімді. Сайлаушыларыммен жұмысты күнделікті жүргізіп, бөлінетін қаржы мен демеушілердің көмегімен құбыр мәселесін және жол жиегіндегі тротуарларды орнатуды қолға алу керек. Шемякин көшесіндегі қозғалыс та соңғы жылдары қиындап кетті», – деді Алматы қаласы мәслихат депутаттығына кезекті үміткер Асхат ШІЛІКБАЕВ.

«Гүлнас Кежетайқызымен бірге қазір «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілін көтеру ұлттық орталығында бірге қызмет жасап жатырмыз. Ол кісінің еңбекқорлығын жақсы білетіндіктен, Гүлнас Кенжетайқызы Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша мәслихат депутаттығына үміткер болып түскен уақытта келіп, мен оның сенімді өкілі болуға ұсыныс жасадым. Содан бері міне бірге жұмыс жасап келе жатырмыз», – деді Алматы қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Г. Ахметованың сенімді өкілі Серік КЕҢЕСБАЕВ.

Айта кетсек, қалалық 3 мәслихат депутатының бос орындарына 9 кандидат сайлауға түсуде. Оның үшеуі әйел адам. Ал сайлау 28 қазанда Түрксіб және Жетісу аудандарында орналасқан 3 округте өтеді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир