Алматыдан Үшарал мен Ақшыға апаратын жол 2020 жылы пайдалануға беріледі

Алматыдан Үшарал мен Ақшыға апаратын жол 2020 жылы пайдалануға беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы – Үшарал, Үшарал – Ақшы ауылына апаратын жол 2020 жылы пайдалануға беріледі. «Нұрлы жол» жобаларының іске асу жайын Астанада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері баяндады.

Ақшыға апаратын жолдың бітуі Алматы маңындағы Алакөл көліне туристердің келуін де ыңғайлы етеді деген ойда мамандар. Жиында Алматы – Талғар және Үшарал – Достық арасын жалғайтын жолдар да айтылды.  

«Алматы – Талғар жолы жоспарымызда бар. Бірақ ондағы жолдың жөндеуіне бөлінген қаржыны қорғап шығуымыз қажет. Үшарал – Достық торабы бойынша қазір жоба түзу жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың соңына дейін құжаттарды аяқтағымыз келеді. Келесі жылдан бастап жұмыстарға кіріссек деген ниеттеміз», – деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бас инженері Арман ҚАЙЫРБЕКОВ.


Новости партнеров