|
31.10.2018 | 20:05
4293

Астанада түркілер туралы көне кітаптың қазақша аудармасының тұсаукесері өтті

Астанада түркілер туралы көне кітаптың қазақша аудармасының тұсаукесері өтті

Астанада ғұлама ғалым Рашид ад-дин Фазлуллах Хамаданидің 1316 жылы парсы тілінде жазылған «Жамиғ ат-тауарих» кітабының қазақша тіліне аударылған баламасының тұсаукесері өтті.

Дархан қазақ даласында өмір сүрген халықтар, олардың тайпаларға бөлінуі мен кейіннен қазақ халқының құрамына кіру тарихы, салт-дәстүрі, ата қоныстары толық баяндалған туынды 5 томды құраған. Тарихи жадынаманы екі жыл бойы араб, парсы тілдерінің жетік маманы Зәріпбай Оразбай тәржімалаған. Аудармашылар бұл кітаптан Ұлы қаған Шыңғыс хан өмірбаяны, шежіресі мен ата-бабалары туралы да тың ақпараттар таба алады дейді. Ол түркі қауымының қайдан бастау алғанын да айтты.  

«Ең алғашқы түркі қауымының бастауы Сайрам, қазіргі Талас қаласының екі аралығындағы Алатау мен Қаратау деген екі алпауыт таудың баурайынан басталған, сол тұс түркі қауымының ата қонысы болған, сол жерде көбейіп, кейіннен басқа жаққа тараған. Алтайға да кейін барған», – деді аудармашы Зәріпбай ОРАЗБАЙ.

Жиында Бекасыл Бибосынұлының «Зикзал» кітабы да таныстырылды. Аталмыш баспа қазақ халқының рухани танымы мен салт-санасынан сыр шертетін бағалы еңбек саналады. 2000-шы жылдардың басында табылған әдеби «жауһарды» автор ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде жазған.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир