26 жастағы жігіттің миынан құрт шықты

26 жастағы жігіттің миынан құрт шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың Наньчан қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы эпилепсия талмасынан зардап шеккен. Дәрігерлер оның себебін таба алмаған. 

26 жастағы ер адам Цзянсу провинциясындағы орталық ауруханаға жіберілді. Талдау қорытындысы бойынша жігіттің ағзасында Spirometra mansoni құрты өмір сүретіні белгілі болды, деп хабарлады sputniknews.kz

Дәрігерлер құрт науқастың миында екенін анықтады. Паразитті ота арқылы шығаруға шешім қабылданды. Хирургтер адамның басынан құртты шығарғаннан кейін паразит өмір сүруін жалғастырып, шыны түтікте жүзген.

Дәрігерлердің болжауынша, жігіттің қанында шала қуырылған етті жегеннен кейін құрттың жұмыртқасы пайда болған. Айтпақшы, бұл оның сүйіп жейтін асы екен. Осылайша, жұмыртқа немесе дернәсіл ішек қабырғасы арқылы қанағымына еніп, алдымен бауырға түседі, содан кейін барлық ағзаға таралған. 

Новости партнеров