Қарағанды облысына қарасты «Ақбөкен» табиғи қорығының экипажы броконьерлермен қақтығысып қалды. Заңсыз аң аулаушылар инспекторлардың автокөлігіне тұтанғыш зат лақтырып жіберген. Нәтижесінде көлік іші лезде отқа оранып, түгелдей өртеніп кетеді. Абырой болғанда, ешкім жапа шекпепті. Мұндай мәліметті Марғұлан Сейсембаев есімді әлеуметтік желі қолданушысы хабарлаған болатын. Оның сөзінше, бейне тіркегіш пен камера жанып кеткендігін және оқ атқан броконьерлердің көлігі сұр түсті Land Cruiser маркалі көлік екендігін айтқан. Ал Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті бұл оқиғаның мән-жайы әлі анықталатынын мәлімдеді.
«Ақпарат шындыққа жанаса ма, заңсыз аң аулаушылар тарапынан оларға оқ жаудырылды ма және де ол жерде жазылған ғой, өрт қоятын зат лақтырылды деп. Сол шындыққа жараса ма, жанаспай ма, оның барлығын анықтау үшін қазір қызметкерлер жіберілді. Аталған оқиға облыстық Ішкі істер департаментінің бақылауында. Полияция қызметкерлерінің алдын ала тексерулерінен кейін нақты бір ақпарат айтуға болады», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан ҚҰДИЯРОВ.