Алматыдағы қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай аумағын кеңейтпек

Алматыдағы қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай аумағын кеңейтпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандық шаруа қожалықтары көкөністерін көршілес Ресейге экспорттап жатыр. Алматыдағы қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай биыл аумағын кеңейтпек. Былтыр ашылған кәсіпорын тағы 8 гектарлық кешен салуды жоспарлаған. Кешеннің қарқынды жұмысымен халық қалаулылары танысып қайтты. Жаңа жылыжай Қазақстандықтарды қандай өсімдік түрлерін ұсынатыны жайлы тілші бейнематериалында.

Бұл - Алатау индустриалды аймағындағы ашылған алғашқы нысан. Жылыжай кешені былтыр қолданысқа берілген. Енді отандық кәсіпорынның қызанағы мен қияры кең сұранысқе ие болып, жылыжай аумағы кеңейтілмек. Тіпті тауарға ресейліктер қызығушылық танытыпты. қиярларды сатып алған олар енді ұзақ жылдық келісім-шартқа отыруға да ниетті.

«Қазіргі таңда бізде қиярдың екі түрі. Ұзындауы және қысқалауы. Томатқа келетін болсақ, 11 түрі бар. Сарғыш реңді бар. Қызыл реңдісі бар. Өнімді біз қалалық Алматы қаласына өткіземіз. Одан тыс Астана, қарағанды, тағы басқа облыстарға алушылар келіп алып кетеді. Одан тыс Ресей мемлекетіне алып кететін алушылар бар»,- деді Жылыжай кешенінің директоры, Нұрлан ӘДІЛХАН.

Алматыдағы ірі жылыжай кешені бірінші кезеңді қорытындылап отыр. Мұнда жұмыс былтырғы жылдың қараша айынан бері қызу жүруде. Жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш өсіреледі. Оның құрамында пестицидтер жоқ. Кәсіпорын күн сайын 20 тонна экологиялық таза өнімді қала дүкендеріне тасиды. Осылайша отандық өнім өндірушілер Алматы тұрғындарының 5 пайыз қажеттелігін өтеген. Кешенді демалысқа шығып, өңірлерді аралауға келген халық қалаулысы Гүлмира Исимбаева арнайы келді. Ол жылыжайдың жұмысымен танысып, 150 жұмыскермен кездесті. Қызметкерлердің талап-тілегін тыңдап, көмектесуге уәде етті.

«Негізгі мәселе жұмысшылардың қойып отырғандары ол кісілердің мына осы жерде Момышұлының бойында маршруттық көлік жіберілсе екен деді. Себебі, көпшілігі қаланың сыртында тұрады. Сондықтан да олардың келіп-кетуіне ыңғайлы болатындай. Мекеменің өзінің қойып отырған мәселесі бар. Бұл жаңа мекеме. Сондықтан, әрі қарай жұмыс істейтіндей мүмкіндіктері де бар»,- деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары, Гүлмира ИСИМБАЕВА.

Бұл кешенде болашақта саңырауқұлақтар да өсіріледі. Ал кешеннің көлемі ұлғайған сайын, қаладағы көкөністердің бағасы төмендеуі мүмкін. Айта кетейік, жобаға Қазагрофинанс ақша бөлген. Құны 7,8 млрд теңгені құрайды. Оның 3,5 млрд теңгесі мекеменің өзх қаржысы. Қаражаттың басым бөлігі заманауи құрылғылар алуға жұмсалыпты. Сондай-ақ, мұнда білім және ғылым министрлігімен бірігіп, жас мамандарды оқытатын орталық ашуда көзделіп отыр.

Жадыра Омаржан,  Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров